Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
/ Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен оның отандастарын Корольдіктің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kursiv.media.  

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

«Президент Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді», – делінген ақпаратта.

Қазақстан президенті Сауд Арабиясының Королі мен ел басшылығының жауапты қызметтеріне толағай табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.

Мұның алдында Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз