Қазақстанның сыртқы саудасы 10 жылда қалай өзгерді (инфографика)

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Сыртқы сауда айналым / фото: Kursiv Media, NY

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы соңғы он жылда екі есеге жуық өсті. 2015 жылы ел шетелге $46 млрд-тың тауарын сатып, сырттан $30,6 млрд-тың өнімін әкелсе, 2025 жылы экспорт $79 млрд-қа, импорт $64,8 млрд-қа жетті.

Бірақ басты өзгеріс сауда көлемінің өсуі ғана емес. Импорт экспорттан әлдеқайда жылдам көбейді, Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесіне айналды, ал сыртқы сауда бірнеше ірі нарыққа көбірек шоғырланды. Экспорттағы мұнайдың үлесі аздап төмендегенімен, елдің сыртқа сататын тауарының жартысына жуығы әлі де шикі мұнайға тиесілі. Kursiv Media 2015–2026 жылдардағы сыртқы сауда деректерін зерттеп көрді.

$76 млрд-тан $144 млрд-қа дейін

ҚР ҰСБ мәліметінше 2015 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы $76,5 млрд болды. Бір жылдан кейін ол $62,1 млрд-қа дейін төмендеп, қарастырылып отырған кезеңдегі ең төменгі деңгейге түсті. 2017 жылдан сауда қайта жанданып, 2018 жылы $94,8 млрд-қа, 2019 жылы $97,8 млрд-қа жетті.

Пандемия кезінде, 2020 жылы, айналым қайтадан $86,5 млрд-қа түсті. Бірақ 2021 жылы алғаш рет $100 млрд межесінен асып, $101,7 млрд болды. Ең үлкен секіріс 2022 жылы тіркелді: бір жылдың ішінде сыртқы сауда 33%-дан астам өсіп, $135,5 млрд-қа жетті. Сол жылы экспорт та рекордтық $84,6 млрд болды.

САУДА ГЕОГРАФИЯСЫ
Қазақстанның ТОП-10 серіктесі қалай өзгерді?
Жалпы тауар айналымы · экспорт + импорт
Жылды таңдаңыз
2015 жылғы рейтинг млрд АҚШ доллары
1
Ресей
Ресей база
Экспорт $4,5Импорт $10,5
$15,1
2
Қытай
Қытай база
Экспорт $5,5Импорт $5,1
$10,6
3
Италия
Италия база
Экспорт $8,1Импорт $1,2
$9,3
4
Нидерланд
Нидерланд база
Экспорт $5,0Импорт $0,3
$5,3
5
Франция
Франция база
Экспорт $2,7Импорт $0,7
$3,4
6
Швейцария
Швейцария база
Экспорт $2,7Импорт $0,1
$2,8
7
Германия
Германия база
Экспорт $0,3Импорт $2,0
$2,3
8
Түркия
Түркия база
Экспорт $1,3Импорт $0,7
$2,0
9
Украина
Украина база
Экспорт $1,2Импорт $0,8
$2,0
10
АҚШ
АҚШ база
Экспорт $0,4Импорт $1,5
$1,9
2016 жылғы рейтинг млрд АҚШ доллары
1
Ресей
Ресей —
Экспорт $3,4Импорт $9,3
$12,7
2
Италия
Италия ▲1
Экспорт $7,5Импорт $0,8
$8,3
3
Қытай
Қытай ▼1
Экспорт $4,2Импорт $3,7
$7,9
4
Нидерланд
Нидерланд —
Экспорт $3,3Импорт $0,3
$3,5
5
Швейцария
Швейцария ▲1
Экспорт $2,4Импорт $0,1
$2,6
6
Франция
Франция ▼1
Экспорт $1,8Импорт $0,7
$2,5
7
АҚШ
АҚШ ▲3
Экспорт $0,6Импорт $1,3
$1,9
8
Германия
Германия ▼1
Экспорт $0,3Импорт $1,4
$1,7
9
Өзбекстан
Өзбекстан ▲2
Экспорт $0,9Импорт $0,6
$1,5
10
Түркия
Түркия ▼2
Экспорт $0,9Импорт $0,6
$1,5
2017 жылғы рейтинг млрд АҚШ доллары
1
Ресей
Ресей —
Экспорт $4,6Импорт $11,7
$16,4
2
Қытай
Қытай ▲1
Экспорт $5,8Импорт $4,7
$10,5
3
Италия
Италия ▼1
Экспорт $8,7Импорт $0,9
$9,6
4
Нидерланд
Нидерланд —
Экспорт $4,7Импорт $0,3
$5,0
5
Франция
Франция ▲1
Экспорт $2,9Импорт $0,5
$3,4
6
Швейцария
Швейцария ▼1
Экспорт $3,1Импорт $0,1
$3,2
7
Өзбекстан
Өзбекстан ▲2
Экспорт $1,2Импорт $0,7
$2,0
8
Германия
Германия —
Экспорт $0,4Импорт $1,5
$1,9
9
Түркия
Түркия ▲1
Экспорт $1,2Импорт $0,7
$1,9
10
Испания
Испания ▲1
Экспорт $1,4Импорт $0,3
$1,7
2018 жылғы рейтинг млрд АҚШ доллары
1
Ресей
Ресей —
Экспорт $5,3Импорт $13,2
$18,5
2
Италия
Италия ▲1
Экспорт $11,7Импорт $1,5
$13,2
3
Қытай
Қытай ▼1
Экспорт $6,3Импорт $5,4
$11,7
4
Нидерланд
Нидерланд —
Экспорт $6,2Импорт $0,3
$6,5
5
Франция
Франция —
Экспорт $3,8Импорт $0,7
$4,5
6
Оңтүстік Корея
Оңтүстік Корея ▲5
Экспорт $3,0Импорт $0,9
$3,9
7
Швейцария
Швейцария ▼1
Экспорт $2,9Импорт $0,2
$3,1
8
Өзбекстан
Өзбекстан ▼1
Экспорт $1,6Импорт $1,2
$2,8
9
АҚШ
АҚШ ▲3
Экспорт $1,0Импорт $1,3
$2,2
10
Германия
Германия ▼2
Экспорт $0,5Импорт $1,6
$2,1
2019 жылғы рейтинг млрд АҚШ доллары
1
Ресей
Ресей —
Экспорт $5,7Импорт $14,3
$20,0
2
Қытай
Қытай ▲1
Экспорт $8,0Импорт $6,8
$14,8
3
Италия
Италия ▼1
Экспорт $8,4Импорт $1,6
$10,0
4
Оңтүстік Корея
Оңтүстік Корея ▲2
Экспорт $3,1Импорт $3,5
$6,5
5
Нидерланд
Нидерланд ▼1
Экспорт $4,4Импорт $0,2
$4,6
6
Франция
Франция ▼1
Экспорт $3,6Импорт $0,7
$4,3
7
Өзбекстан
Өзбекстан ▲1
Экспорт $2,0Импорт $1,4
$3,4
8
Түркия
Түркия ▲5
Экспорт $2,4Импорт $0,8
$3,2
9
Швейцария
Швейцария ▼2
Экспорт $2,7Импорт $0,1
$2,8
10
Испания
Испания ▲1
Экспорт $2,2Импорт $0,2
$2,4
2020 жылғы рейтинг млрд АҚШ доллары
1
Ресей
Ресей —
Экспорт $5,0Импорт $13,8
$18,8
2
Қытай
Қытай —
Экспорт $9,4Импорт $6,4
$15,8
3
Италия
Италия —
Экспорт $6,6Импорт $0,9
$7,6
4
Оңтүстік Корея
Оңтүстік Корея —
Экспорт $1,0Импорт $4,9
$5,9
5
Нидерланд
Нидерланд —
Экспорт $3,1Импорт $0,2
$3,4
6
Түркия
Түркия ▲2
Экспорт $2,1Импорт $1,0
$3,1
7
Өзбекстан
Өзбекстан —
Экспорт $2,1Импорт $0,8
$2,9
8
Франция
Франция ▼2
Экспорт $1,9Импорт $1,0
$2,8
9
Үндістан
Үндістан ▲3
Экспорт $2,0Импорт $0,4
$2,4
10
Германия
Германия ▲4
Экспорт $0,2Импорт $1,8
$2,1
2021 жылғы рейтинг млрд АҚШ доллары
1
Ресей
Ресей —
Экспорт $7,0Импорт $17,6
$24,6
2
Қытай
Қытай —
Экспорт $9,8Импорт $8,2
$18,0
3
Италия
Италия —
Экспорт $8,9Импорт $0,8
$9,7
4
Нидерланд
Нидерланд ▲1
Экспорт $4,4Импорт $0,2
$4,6
5
Түркия
Түркия ▲1
Экспорт $3,0Импорт $1,1
$4,1
6
Өзбекстан
Өзбекстан ▲1
Экспорт $2,8Импорт $1,1
$3,8
7
Франция
Франция ▲1
Экспорт $2,4Импорт $0,7
$3,1
8
Оңтүстік Корея
Оңтүстік Корея ▼4
Экспорт $1,9Импорт $0,8
$2,6
9
АҚШ
АҚШ ▲3
Экспорт $0,9Импорт $1,4
$2,2
10
Германия
Германия —
Экспорт $0,4Импорт $1,8
$2,2
2022 жылғы рейтинг млрд АҚШ доллары
1
Ресей
Ресей —
Экспорт $9,1Импорт $17,9
$27,0
2
Қытай
Қытай —
Экспорт $13,1Импорт $11,1
$24,2
3
Италия
Италия —
Экспорт $13,9Импорт $1,1
$14,9
4
Түркия
Түркия ▲1
Экспорт $4,8Импорт $1,6
$6,3
5
Оңтүстік Корея
Оңтүстік Корея ▲3
Экспорт $4,5Импорт $1,6
$6,1
6
Нидерланд
Нидерланд ▼2
Экспорт $5,5Импорт $0,3
$5,8
7
Өзбекстан
Өзбекстан ▼1
Экспорт $3,6Импорт $1,3
$4,9
8
Франция
Франция ▼1
Экспорт $3,1Импорт $0,9
$4,0
9
АҚШ
АҚШ —
Экспорт $1,2Импорт $1,9
$3,1
10
Германия
Германия —
Экспорт $0,5Импорт $2,2
$2,8
2023 жылғы рейтинг млрд АҚШ доллары
1
Қытай
Қытай ▲1
Экспорт $14,7Импорт $15,4
$30,1
2
Ресей
Ресей ▼1
Экспорт $10,2Импорт $16,8
$27,1
3
Италия
Италия —
Экспорт $14,8Импорт $1,2
$16,1
4
Оңтүстік Корея
Оңтүстік Корея ▲1
Экспорт $3,8Импорт $2,2
$6,0
5
Түркия
Түркия ▼1
Экспорт $3,9Импорт $2,0
$6,0
6
Нидерланд
Нидерланд —
Экспорт $4,1Импорт $0,4
$4,4
7
Өзбекстан
Өзбекстан —
Экспорт $3,1Импорт $1,3
$4,4
8
Франция
Франция —
Экспорт $3,0Импорт $1,3
$4,2
9
АҚШ
АҚШ —
Экспорт $1,5Импорт $2,5
$4,1
10
Германия
Германия —
Экспорт $0,7Импорт $3,0
$3,8
2024 жылғы рейтинг млрд АҚШ доллары
1
Қытай
Қытай —
Экспорт $14,9Импорт $15,3
$30,2
2
Ресей
Ресей —
Экспорт $9,6Импорт $18,6
$28,1
3
Италия
Италия —
Экспорт $18,7Импорт $1,3
$19,9
4
Нидерланд
Нидерланд ▲2
Экспорт $5,3Импорт $0,4
$5,7
5
Франция
Франция ▲3
Экспорт $3,7Импорт $1,9
$5,6
6
Түркия
Түркия ▼1
Экспорт $3,3Импорт $1,7
$5,0
7
АҚШ
АҚШ ▲2
Экспорт $2,0Импорт $2,2
$4,2
8
Өзбекстан
Өзбекстан ▼1
Экспорт $2,8Импорт $1,3
$4,1
9
Германия
Германия ▲1
Экспорт $1,2Импорт $2,8
$4,0
10
Оңтүстік Корея
Оңтүстік Корея ▼6
Экспорт $1,3Импорт $1,9
$3,1
2025 жылғы рейтинг млрд АҚШ доллары
1
Қытай
Қытай —
Экспорт $15,2Импорт $18,9
$34,1
2
Ресей
Ресей —
Экспорт $8,1Импорт $19,2
$27,4
3
Италия
Италия —
Экспорт $15,6Импорт $1,3
$16,9
4
Нидерланд
Нидерланд —
Экспорт $6,0Импорт $0,4
$6,3
5
Түркия
Түркия ▲1
Экспорт $3,9Импорт $1,5
$5,4
6
Франция
Франция ▼1
Экспорт $3,3Импорт $1,5
$4,9
7
Өзбекстан
Өзбекстан ▲1
Экспорт $3,5Импорт $1,3
$4,8
8
Германия
Германия ▲1
Экспорт $1,2Импорт $3,1
$4,4
9
АҚШ
АҚШ ▼2
Экспорт $1,0Импорт $2,2
$3,2
10
Оңтүстік Корея
Оңтүстік Корея —
Экспорт $0,9Импорт $2,2
$3,2
ЭкспортИмпорт
Дерек: ҚР Ұлттық статистика бюросы · Kursiv Media есептеуі
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

2023 жылдан кейін Қазақстанның сыртқы саудасы $140 млрд маңындағы жаңа деңгейде орнықты: 2023 жылы $139,6 млрд, 2024 жылы $142,1 млрд, 2025 жылы $143,9 млрд. Осылайша, он жыл ішінде сыртқы сауда айналымы шамамен 88%-ға өсті.

Бұл көрсеткіштер номиналды АҚШ долларымен есептелген. Сондықтан сауданың ақшалай көлемінің өсуі сатылған тауардың физикалық көлемі дәл сонша өсті дегенді білдірмейді. Мұнай мен металдардың әлемдік бағасы экспорт сомасына айтарлықтай әсер етеді.

Сауда өсті, бірақ импорт одан да жылдам өсті

2015–2025 жылдары Қазақстан экспорты $46 млрд-тан $79 млрд-қа дейін, яғни шамамен 72%-ға өсті. Ал импорт $30,6 млрд-тан $64,8 млрд-қа жетіп, 112%-ға көбейді. Соның нәтижесінде импорттың сыртқы саудадағы үлесі 39,9%-дан 45,1%-ға көтерілді.

Бұл өзгеріс сауда балансынан да көрінеді. 2015 жылы Қазақстанның экспорты импорттан $15,4 млрд-қа көп болса, 2025 жылы сыртқы сауда көлемі екі есеге жуық өскеніне қарамастан, профицит $14,2 млрд болды. Ең үлкен оң баланс 2022 жылы тіркелді – $33,7 млрд, ең төмені 2020 жылы – $8,6 млрд.

Демек соңғы он жылда Қазақстанның сыртқы тауарларға сұранысы экспорт мүмкіндігінен жылдамырақ өскен.

Ресейден Қытайға: бірінші орын қалай ауысты

2015 жылы Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі Ресей еді. Екі ел арасындағы тауар айналымы $15,1 млрд болды. Қытай $10,6 млрд көрсеткішпен екінші, Италия $9,3 млрд-пен үшінші орында тұрды. Одан кейін Нидерланд, Франция, Швейцария, Германия, Түркия, Украина және АҚШ орналасты.

Рейтингтің жоғарғы бөлігі бірнеше жыл бойы тұрақты болғанымен, Қытай біртіндеп Ресейге жақындай берді. 2022 жылы Ресеймен сауда $27 млрд, Қытаймен $24,2 млрд болды. Ал 2023 жылы Қытай алғаш рет бірінші орынға шықты: екі ел арасындағы айналым $30,1 млрд-қа жетті, Ресеймен сауда $27,1 млрд болды.

2025 жылы айырмашылық одан әрі ұлғайды. Қытаймен тауар айналымы $34,2 млрд, Ресеймен $27,4 млрд, Италиямен $16,9 млрд болды.

2015–2025 · 10 ЖЫЛДЫҚ ӨЗГЕРІС
Қазақстанның сыртқы саудасы екі есеге жуық өсті
млрд АҚШ доллары · экспорт пен импорттың жылдық көлемі
САУДА АЙНАЛЫМЫ $76,5 → $143,9 млрд
ЭКСПОРТ +72%
ИМПОРТ +112%
Экспорт Импорт
$76,5
2015 жыл Айналым: $76,5 млрд Экспорт: $46,0 млрд Импорт: $30,6 млрд Баланс: +$15,4 млрд
2015
+$15,4
$62,1
2016 жыл Айналым: $62,1 млрд Экспорт: $36,7 млрд Импорт: $25,4 млрд Баланс: +$11,4 млрд
2016
+$11,4
$78,1
2017 жыл Айналым: $78,1 млрд Экспорт: $48,5 млрд Импорт: $29,6 млрд Баланс: +$18,9 млрд
2017
+$18,9
$94,8
2018 жыл Айналым: $94,8 млрд Экспорт: $61,1 млрд Импорт: $33,7 млрд Баланс: +$27,5 млрд
2018
+$27,5
$97,8
2019 жыл Айналым: $97,8 млрд Экспорт: $58,1 млрд Импорт: $39,7 млрд Баланс: +$18,4 млрд
2019
+$18,4
$86,5
2020 жыл Айналым: $86,5 млрд Экспорт: $47,5 млрд Импорт: $38,9 млрд Баланс: +$8,6 млрд
2020
+$8,6
$101,7
2021 жыл Айналым: $101,7 млрд Экспорт: $60,3 млрд Импорт: $41,4 млрд Баланс: +$18,9 млрд
2021
+$18,9
$135,5
2022 жыл Айналым: $135,5 млрд Экспорт: $84,6 млрд Импорт: $50,9 млрд Баланс: +$33,7 млрд
2022
+$33,7
$139,6
2023 жыл Айналым: $139,6 млрд Экспорт: $79,1 млрд Импорт: $60,4 млрд Баланс: +$18,7 млрд
2023
+$18,7
$142,1
2024 жыл Айналым: $142,1 млрд Экспорт: $81,7 млрд Импорт: $60,4 млрд Баланс: +$21,3 млрд
2024
+$21,3
$143,9
2025 жыл Айналым: $143,9 млрд Экспорт: $79,0 млрд Импорт: $64,8 млрд Баланс: +$14,2 млрд
2025
+$14,2
Дерек: ҚР Ұлттық статистика бюросы · Kursiv Media есептеуі
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

ТОП-10 қалай өзгерді?

Қытайдың күшеюі соңғы он жылдағы ең ірі географиялық өзгеріс болды. 2015–2025 жылдары Қытаймен сауда көлемі $10,6 млрд-тан $34,2 млрд-қа дейін өсіп, 3,2 еседен астам артты. Ресеймен айналым осы кезеңде $15,1 млрд-тан $27,4 млрд-қа дейін, Италиямен $9,3 млрд-тан $16,9 млрд-қа дейін көбейді.

Түркия мен Өзбекстанның да салмағы артты. Түркиямен сауда $2 млрд-тан $5,4 млрд-қа, Өзбекстанмен $1,7 млрд шамасынан $4,8 млрд-қа дейін өсті. Өзбекстан 2015 жылы алғашқы ондықтың сыртында болса, кейін тұрақты түрде ТОП-10 қатарына кірді.

Керісінше, 2015 жылы алғашқы ондықта болған Украина кейін рейтингтен шықты. Швейцария да позициясын жоғалтты. Оңтүстік Кореяның орны бірнеше рет өзгерді: 2018 жылы алтыншы, 2019–2020 жылдары төртінші орынға дейін көтеріліп, 2025 жылы оныншы орынға түсті.

Үш ел сыртқы сауданың жартысынан астамын алды

Сауданың негізгі елдерге шоғырлануы да күшейген. 2015 жылы Ресей, Қытай және Италия Қазақстанның бүкіл сыртқы саудасының шамамен 45,7%-ын қамтамасыз етті. 2025 жылы Қытай, Ресей және Италияның жиынтық үлесі 54,5%-ға жетті.

Тек Қытай мен Ресейдің өзіне 2025 жылы сыртқы сауданың шамамен 42,8%-ы тиесілі болды. Он жыл бұрын бұл екі елдің үлесі 33,5% болатын.

Яғни Қазақстан көбірек елмен сауда жасап жатқанымен, ақша көлемінің үлкен бөлігі бұрынғыдан да аз санды ірі серіктестерге тиесілі.

ИМПОРТ ГЕОГРАФИЯСЫ
Қытай Ресейге импортта да жетті
Қазақстанның Қытай мен Ресейден импорты · млрд АҚШ доллары
Қытай Қытай
Ресей Ресей
$20 $15 $10 $5 $0 5,1 3,7 4,7 5,4 6,8 6,4 8,2 11,1 15,4 15,3 18,9 10,5 9,3 11,7 13,2 14,3 13,8 17,6 17,9 16,8 18,6 19,2 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025
Дерек: ҚР Ұлттық статистика бюросы · Kursiv Media есептеуі
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қытай Ресейге импортта да жетті

2015 жылы Ресей Қазақстан үшін Қытайдан екі еседен астам ірі жеткізуші болатын: Ресейден импорт $10,5 млрд, Қытайдан $5,1 млрд болды. 2025 жылы айырмашылық іс жүзінде жоғалды – Ресейден $19,2 млрд, Қытайдан $18,9 млрд тауар келді.

Осылайша, Ресейден импорт он жылда шамамен 83% өссе, Қытайдан келетін тауар көлемі 3,7 есеге көбейді. Сонымен бірге Қытай Қазақстан үшін тек жеткізуші емес: бұл елге экспорт та $5,5 млрд-тан $15,2 млрд-қа дейін өсті.

Қытайдың жалпы сауда рейтингінде Ресейден озуына екі бағыттың қатар өсуі себеп болды.

Мұнай азайды ма? Иә, бірақ баяу

Қазақстан экспортының басты тауары он жыл бұрын да, қазір де – шикі мұнай. 2015 жылы ел $26,8 млрд-тың мұнайын экспорттады, бұл бүкіл тауар экспортының 58,3%-ына тең еді.

Алайда мұнайдың үлесі бір бағытта тұрақты төмендеген жоқ. 2016 жылы 52,5%-ға түскен көрсеткіш 2018 жылы қайтадан 61,9%-ға жетті. 2020 жылы 49,9%-ға дейін азайып, 2022 жылы 55,5%-ға көтерілді. 2025 жылы шикі мұнайдың үлесі 50,5% болды.

ЭКСПОРТ ҚҰРЫЛЫМЫ
Экспорттың қанша пайызы мұнайға тиесілі?
Шикі мұнайдың жалпы тауар экспортындағы үлесі
2015 ЖЫЛЫ 58,3%
ЕҢ ЖОҒАРЫ ҮЛЕС 61,9%
2025 ЖЫЛЫ 50,5%
58,3%
2015 жыл Мұнай: $26,8 млрд
Басқа экспорт: $19,2 млрд
Жалпы экспорт: $46,0 млрд
2015
52,5%
2016 жыл Мұнай: $19,3 млрд
Басқа экспорт: $17,4 млрд
Жалпы экспорт: $36,7 млрд
2016
54,8%
2017 жыл Мұнай: $26,6 млрд
Басқа экспорт: $21,9 млрд
Жалпы экспорт: $48,5 млрд
2017
61,9%
2018 жыл Мұнай: $37,8 млрд
Басқа экспорт: $23,3 млрд
Жалпы экспорт: $61,1 млрд
2018
57,8%
2019 жыл Мұнай: $33,6 млрд
Басқа экспорт: $24,5 млрд
Жалпы экспорт: $58,1 млрд
2019
49,9%
2020 жыл Мұнай: $23,7 млрд
Басқа экспорт: $23,8 млрд
Жалпы экспорт: $47,5 млрд
2020
51,5%
2021 жыл Мұнай: $31,1 млрд
Басқа экспорт: $29,2 млрд
Жалпы экспорт: $60,3 млрд
2021
55,5%
2022 жыл Мұнай: $46,9 млрд
Басқа экспорт: $37,7 млрд
Жалпы экспорт: $84,6 млрд
2022
53,5%
2023 жыл Мұнай: $42,3 млрд
Басқа экспорт: $36,8 млрд
Жалпы экспорт: $79,1 млрд
2023
52,5%
2024 жыл Мұнай: $42,9 млрд
Басқа экспорт: $38,8 млрд
Жалпы экспорт: $81,7 млрд
2024
50,5%
2025 жыл Мұнай: $39,9 млрд
Басқа экспорт: $39,1 млрд
Жалпы экспорт: $79,0 млрд
2025
2015 жылы шикі мұнай Қазақстан экспортының 58,3%-ын құрады. Үлес 2018 жылы 61,9%-ға дейін көтерілді. 2025 жылы көрсеткіш 50,5%-ға түсті. Осы аралықта мұнайдан тыс экспорт $19,2 млрд-тан $39,1 млрд-қа дейін өсті.
Дерек: ҚР Ұлттық статистика бюросы · Kursiv Media есептеуі
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Сонымен бірге мұнайдан тыс экспорт айтарлықтай өсті. 2015 жылы шикі мұнайды алып тастағандағы экспорт көлемі шамамен $19,2 млрд болса, 2025 жылы $39,1 млрд-қа жетті. Яғни екі еседен астам көбейді.

Алайда мұнайдан кейінгі негізгі экспорт та әлі де көбіне шикізат пен металдарға тиесілі. 2025 жылы радиоактивті элементтер мен изотоптар экспорты шамамен $4,2 млрд, тазартылған мыс $4,1 млрд, мыс кені мен концентраттары $2,9 млрд, ферроқорытпа $2,1 млрд болды. Бидай экспорты $1,6 млрд-қа жетті.

Сыртқа шикізат, ішке көлік пен технология

Импорт құрылымы мүлде басқа. 2015 жылы ірі позициялар қатарында мұнай өнімдері, дәрі-дәрмек, жеңіл автомобильдер, құбырлар және байланыс жабдықтары болды.

2025 жылы жеңіл автомобильдер импорты шамамен $2,8 млрд-қа жетіп, ірі жеке тауар позицияларының біріне айналды. 2015 жылы бұл көрсеткіш $873 млн ғана болған. Дәрі-дәрмек импорты $926 млн-нан $1,8 млрд-қа, байланыс жабдықтары $718 млн-нан $1,5 млрд-қа дейін өсті.

Ірі импорт санаттарына сондай-ақ автомобиль кузовтары мен бөлшектері, электр генераторлары, ұшақтар және компьютерлік техника кіреді.

Осылайша, Қазақстан сыртқа негізінен мұнай, металл, кен және ауыл шаруашылығы өнімдерін сатса, шетелден дайын көлік, фармацевтика, электроника мен өндірістік жабдықты көп сатып алады.

2026: экспорт қайта жылдамдады

2026 жылдың толық қорытындысы әлі жоқ, сондықтан биылғы көрсеткішті тек өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыруға болады.

Қаңтар–шілдеде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы $87,75 млрд болды. Экспорт $50,9 млрд-қа, импорт $36,9 млрд-қа жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда экспорт 15,8%, импорт 4,3% өсті.

Сауда балансы шамамен $14 млрд профицитпен қалыптасты. Серіктестер рейтингінің басында Қытай қалып отыр, одан кейін Ресей мен Италия келеді.

Экспорт құрылымында да мұнайдың үлесі біршама төмендеп, 48,2%-ға түсті. Бірақ жеті айлық көрсеткішті толық 2025 жылмен тікелей салыстыруға болмайды.

Он жылдық өзгеріс нені көрсетті?

2015–2025 жылдары Қазақстанның сыртқы саудасы $76,5 млрд-тан $143,9 млрд-қа дейін өсті. Бірақ осы өсімнің ішінде импорттың салмағы күшейді: экспорт 72%, импорт 112% артты.

Сауда географиясында ең үлкен өзгеріс Қытаймен байланысты болды. Ол Ресейден кейінгі екінші серіктестен 2023 жылы бірінші орынға шықты. Сонымен қатар алғашқы үш серіктестің сыртқы саудадағы үлесі 45,7%-дан 54,5%-ға дейін өсті.

Экспортта мұнайдың үлесі 58,3%-дан 50,5%-ға түсті және мұнайдан тыс экспорт екі еседен астам артты. Бірақ экспорттың негізгі бөлігі әлі де мұнай, уран, мыс, кен және басқа шикізат тауарларынан тұрады.

Сондықтан соңғы он жылдағы басты өзгеріс – Қазақстанның жай ғана көбірек сауда жасай бастауы емес. Сауда көлемі ұлғайған сайын импорттың салмағы артты, Қытай негізгі серіктеске айналды, ал экспорттың шикізаттық сипаты біршама әлсірегенімен, түбегейлі өзгерген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз