Алуа Балқыбекова Азия ойындарын жеңіспен бастады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Балқыбекова 1/8 финалда Үндістан өкілі Сакши Чаудхаримен кездесті. Үндістандық боксшы бұған дейін Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, филиппиндік Аира Вильегасты 5:0 есебімен жеңген еді.

Балқыбекова қарсыласынан басым түсіп, Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды.

Айта кетейік, Алуа Балқыбекова – Азияның екі дүркін чемпионы. Ол 2021 және 2022 жылдары құрлық біріншілігінде топ жарды. Сондай-ақ Балқыбекова әлем чемпионаттарында бірнеше рет жүлде жеңіп, 2025 жылы әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ оқыңыз