Ақтауда электромонтер тұрғын үйдің жертөлесінде тоқ соғып қаза тапты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
қаза тапты
Ақтауда электромонтер тұрғын үйдің жертөлесінде тоқ соғып қаза тапты / Фото: Shutterstock

Ақтауда 21 қыркүйекте өндірістік жұмыс кезінде электромонтерді ток соғып, ол қаза тапты. Қайғылы оқиға тұрғын үйдің жертөлесінде болған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Қазақтелеком» компаниясының мәліметінше, қазір жазатайым оқиғаға қатысты уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен тергеу жүргізіліп жатыр.

«21 қыркүйекте Ақтауда жұмыс жүргізу кезінде жазатайым оқиға болып, компания қызметкері қаза тапты. Қаза болған азаматтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Отбасына, оның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ компанияда қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктер аясында тиісті төлемдер қарастырылған», – деді «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі.

Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада құрылыс краны құлап, бір адам қаза тапқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз