Каспийдегі сарбаздар қазасына байланысты Ақтауда мерекелік шаралар тоқтатылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Каспийдегі сарбаздар қазасына байланысты Ақтауда мерекелік шаралар тоқтатылды / Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Ақтауда 25-27 қыркүйек күндері «Амфитеатр» алаңында өтуі тиіс мерекелік шаралар тоқтатылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 25 қыркүйекке жоспарланған «Каспий – достық теңізі» халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуы, сондай-ақ, 27 қыркүйекте өтетін фестиваль-байқаудың жабылу рәсімі мен Ақтау қаласының күніне арналған мерекелік гала-концерт өткізілмейді.

Қала әкімдігі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, бұған ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі себеп болған.

Оқиға салдарынан тоғыз әскери қызметші қаза тапқан. Үшеуі құтқарылып, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалған әскери қызметшілерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Сондай-ақ оқыңыз