Студенттер сарайының болашақ эскизі жарияланды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

24 қыркүйекте Алматыдағы ҚазҰУ-ға тиесілі Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының шатыры опырылғаны туралы хабар тарады. Бұл ғимаратта соңғы үш жылдан бері жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Бүгінгі даудан кейін ҚазҰУ баспасөз қызметі Студенттер сарайының шатырына демонтаж жасалғанын хабарлап, болашақ эскизін жариялады деп хабарлайды Kursiv Media.

фото: Farabi Univercity / Студенттер сарайының бұрынғы келбеті

Эскиздерге қарасақ, сарайдың ішкі және сыртқы бөліміне толық жөндеу жүргізіледі. Бірақ тарихи-мәдени маңызын жоғалтпау үшін негізгі қасбетін сақтап қалмақшы.

фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

Негізгі сахна, көрермендер залы түгелдей жаңартылады, негізінен қызыл түске боялмақ. Бұрын бұл залда көк, жасыл түстер басым болатын.

фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі
фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

Одан бөлек 40-50 адамға арналған банкет залы қосылады. Дәретханалар, дайындық залдары, қосымша кабинеттер де түгелдей жаңартылмақ.

фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

Еске салайық, Студенттер сарайы шатырының бір бөлігі опырылып түскеніне қатысты университет әкімшілігі ресми түсініктеме берді. ҚазҰУ баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспарлы демонтаж жүргізілген, төтенше жағдай болмаған.

Сондай-ақ оқыңыз