Тоқаев Қаринге Конституцияны халыққа түсіндіру жұмысын тапсырды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Тоқаев Қаринге халыққа Конституцияны түсіндіру жұмыстарын тапсырды
Тоқаев Қаринге халыққа Конституцияны түсіндіру жұмыстарын тапсырды / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринге халыққа Конституцияны түсіндіру, дәріптеу жұмыстарын тапсырды. Жұмыстың барысы туралы екі аптада бір рет президентке тікелей баяндалып отырады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Президенттің айтуынша, азаматтарымыз Конституцияның ережелерін жақсы біліп, күнделікті өмірде қолданған сайын оның күші де, қуаты да арта түседі.

«Конституция әр адамның қолында жүретін, жұмыс үстелінде тұратын, жеке кітапханасынан орын алатын құжат болуға тиіс деп есептеймін. Біз Конституцияда бекітілген қағидаттар мен құндылықтарды бүкіл ел болып дәріптеуіміз керек», – деді Тоқаев,

Мемлекет басшысы халық арасында Конституцияны түсіндіру, дәріптеу ісі бұл – өте жауапты жұмыс, оған үстірт қарауға болмайтынын атап өтті.

«Аталған міндетті жүзеге асыруды Вице-Президент Ерлан Тынымбайұлы Қаринге тапсырамын. Жұмыстың барысы туралы екі аптада бір рет Президентке тіке баяндайды», – деді президент.

Ол жаңа Конституция ұлттық идеологияға қатысты талқыға нүкте қоюы керектігін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйлеп, өзінің басты мақсатын атады.

Сондай-ақ оқыңыз