УЕФА Ұлттар лигасын қайдан көруге болады

УЕФА Ұлттар лигасының бесінші маусымы бастау алды. Бұл турнирде Қазақстан ұлттық құрамасы «С» лигасының 4-тобында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін 26 қыркүйек күні сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы өткізеді.
Жалпы бұл маусымға 54 құрама қатысып жатыр. Олар өткен турнирдегі рейтингтік көрсеткіштері бойынша төрт дивизионға бөлінген.
Қазақстанның қарсыластары
Ұлттық құраманың «С» тобындағы қарсыластары: Фарер аралдары, Молдова және Словакия құрамалары.
Топтық кезең қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған ұжымдар жоғарғы дивизионға жолдама алады. Сонымен қатар, бұл турнир құрамаларға 2028 жылғы Еуропа чемпионатына қатысу мүмкіндігі үшін қосымша мүмкіндік сыйлайды.
Айта кетейік, 26 қыркүйек күні өтетін Фарер аралдары – Қазақстан матчы жергілікті уақытпен сағат 21:00-де басталады.
Ойынды қайдан көруге болады?
УЕФА Ұлттар лигасының матчтарын трансляциялау құқығына «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Freedom Кино мен ТВ» ие болды. Ойындар тікелей эфирде Qazaqstan мен «QAZSPORT»арналарында, сондай-ақ «Freedom SuperApp» мобильді қосымшасындағы «Кино мен ТВ» бөлімінде көрсетіледі.
Еске сала кетейік, Ұлттар лигасының қарсаңында Қазақстан құрамасының екі ойыншысы жарақат алған еді.