Жамбылда ауыр жүк көліктерін бопсалаумен айналысқан топ ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында шекара бекеті арқылы өтетін көлік жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Операцияны облыстық полиция департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп жүргізген, деп хабарлайды Kursiv Media.

Полиция мәліметінше, күдіктілер ауыр жүк, жолаушылар, жеңіл және транзиттік көлік жүргізушілерінен ақша талап еткен.

23 қыркүйекте күдіктілердің әрекетін тоқтату үшін өңірде 27 тінту жүргізілді. Нәтижесінде суық қару, байланыс құралдары, ірі көлемдегі ақша және автокөліктер тәркіленді.

Қазір аталған факті бойынша бір топ адам жасаған бопсалау дерегіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары қылмыстық схемаға қатысушылардың әрқайсысының рөлін, заңсыз әрекеттердің барлық мән-жайын және ықтимал басқа эпизодтарды анықталу үстінде.

Ішкі істер министрлігі азаматтар мен бизнес өкілдеріне криминалдық қысым көрсететін ұйымдасқан топтардың әрекетіне тосқауыл қою жұмысы жалғасатынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Жол қауіпсіздігі қалай бақыланады: полиция көліктерінің 87%-ында тиісті техника жоқ

Сондай-ақ оқыңыз