Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты екі баппен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Kursiv Media.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәліметінше, оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («Кеме жүргізу қағидаларын бұзу») негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта арнайы құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы қажетті сараптамалар тағайындап, кешенді іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Қанат Бозымбаев оқиға себептерін қысқа мерзімде толық анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды.
Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы тұрақты екенін, өміріне төніп тұрған қауіп жоғын және оған барлық тиісті ем-дом көрсетіліп жатқанын хабарлады.
25 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 19 қазақстандық әскери қызметшіні Каспий теңізінің ағысы алып кеткенін хабарлады. Бастапқыда тоғыз теңізші қайтыс болды, үшеуі құтқарылды деп хабарлаған. Тағы бір адам аурухана жатыр. Кейін тағы үш сарбаздың денесі табылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Каспий теңізінде оқу жаттығу кезінде қаза тапқан әскерилер үшін 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Осыдан кейін Бектеновтың өкімімен Маңғыстауда арнайы комиссия құрылды, оның премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.
Бас прокуратура Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезіндегі тоғыз теңізшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.