Алматыда ЛРТ құрылысына байланысты Төле би көшесіндегі қозғалыс шектеледі

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Shutterstock

Алматыда ЛРТ құрылысына байланысты Төле би көшесінің бірқатар бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қала әкімдігі хабарлауынша, 25 қыркүйек сағат 23:00-ден 26 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін Сейфуллин даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің арасындағы учаске жабылады.

Сонымен қатар 26 және 27 қыркүйек күндері сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Төле би көшесінің Розыбакиев көшесінен Каримов көшесіне дейінгі бөлігінде (батыс бағытта) қозғалыс шектеледі. Бұл аумақта кері қозғалыс ұйымдастырылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскелерге ескерту белгілері қойылады. Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Айта кетейік, Алматыдағы ЛРТ құрылысы 2027 жылдың сәуірінен 2029 жылдың сәуіріне дейін жүргізіледі деп жоспарланған. Жоба бойынша желі Алатау ауданындағы индустриялық аймақта салынатын деподан басталып, Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесі арқылы Алматы-2 теміржол вокзалына дейін жалғасады. Соңғы аялдама «Райымбек батыр» көлік-логистикалық хабы аумағында орналасады.

Сондай-ақ оқыңыз