Ақтаудағы әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Түркия мен Ресей көңіл айтты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Anadolu

Ақтау жағалауында Каспий теңізінде өткен Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жаттығуы кезінде орын алған қайғылы жағдайға байланысты шетел мемлекеттерінің басшылары мен сыртқы саясат мекемелері көңіл айтуда.

Түркия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына ресми түрде жазбаша түрде көңіл айтты:

«Ақтау жағалауында өткен Қазақстан ӘСК-нің әскери оқу-жаттығуы кезінде адамдардың қаза табуы туралы суыт хабарды терең қайғыра қабылдадық. Қаза тапқандардың жақындарына және бауырлас Қазақстан халқына қайғырып көңіл айтамыз», — делінген Түркия СІМ мәлімдемесінде.

Тоқаев Путинге ризашылық білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспийдегі оқу-жаттығу кезіндегі әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтқан Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге ризашылығын білдірді.

Президент бұл ел үшін ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен орыс халқының шынайы жанашырлығы мен тілектестігін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Айта кетейік, 24 қыркүйек күні Каспий теңізінде 12 әскери қызметші қаза тауып, 3 құтқарылды. 2 әскери қызметкерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазақстанда 25 қыркүейк қаралы күн деп жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыз