Азияда: Назым Қызайбай мен Оразбек Асылқұлов жекпе-жектерін қайдан көруге болады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Olympic.kz

Бүгін, 25 қыркүйекте Қазақстанның екі боксшысы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Kursiv.Media

54 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегін Қытай өкілі Ксуан Жаоға қарсы өткізеді. Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, кездесу Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады.

60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов та Азия ойындарындағы жарыс жолын бастайды. Оның қарсыласы – Оңтүстік Корея боксшысы Донгуан Жанг. Бұл жекпе-жек шамамен сағат 14:15-те өтеді.

Екі кездесуді де «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бұған дейін, Төрехан Сабырхан мен Алуа Балқыбекова алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жеткен еді. Ал Сабыржан Аққалықов жарыс жолын аяқтады.

Сондай-ақ оқыңыз