Kaspi брокерлік бизнеске кірмек пе? Жаңа компания АХҚО-да тіркелді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Kaspi броке ашпақ / фото: Kursiv Media

Kaspi.kz тобы брокерлік бағытты дамытуға дайындалып жатқан болуы мүмкін. Компания құрылымындағы Kaspi Capital Ltd. МФЦА аумағында Kaspi Broker Ltd. атты жаңа еншілес компания құрды, деп хабарлайды Kursiv Media.

МФЦА-ның қаржы реттеушісі AFSA-ның ашық реестріндегі мәліметке сәйкес, Kaspi Broker 2026 жылғы 25 қыркүйекте тіркелген.

Жаңа компанияның қызмет бағыты ретінде брокерлік қызмет, оның ішінде инвестициялық кеңес беру көрсетілген. Яғни Kaspi тобы қор нарығындағы қаржы өнімдеріне арналған жеке құрылым қалыптастыра бастаған болуы ықтимал.

Алдымен Kaspi Capital құрылды

Kaspi Broker-дің құрылтайшысы – Kaspi Capital Ltd. Бұл компания МФЦА-да бұған дейін, 2026 жылғы 30 шілдеде тіркелген. AFSA реестрінде Kaspi Capital-дың негізгі қызметі холдингтік компаниялардың қызметі деп көрсетілген. Компанияның жалғыз акционері – Kaspi.kz АҚ.

Kaspi Capital-дың жарғылық капиталы $1 млн. Компанияның CEO-сы, директоры және уәкілетті қол қоюшысы ретінде Наталья Цой көрсетілген.

Осылайша, қазіргі құрылым мынадай:

Kaspi.kz → Kaspi Capital Ltd. → Kaspi Broker Ltd.

Kaspi Capital құрылған кезде компанияның қандай бағытпен айналысатыны нақты жарияланбаған еді. Ал Kaspi Broker-дің пайда болуы жаңа құрылымның инвестициялық және брокерлік қызметпен байланысты болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.

Әзірге Kaspi.kz жаңа брокер арқылы қандай өнімдер ұсынатынын, сервис Kaspi.kz қосымшасына біріктіріле ме немесе клиенттерге шетелдік және қазақстандық бағалы қағаздарды сатып алу мүмкіндігі беріле ме – бұл туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз