Каспийдегі оқу-жаттығудан аман қалған сарбаздың жағдайы белгілі болды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Каспий теңізіндегі қайғылы оқу-жаттығудан аман қалып, ауруханаға жеткізілген әскери қызметші Ақжол Темірәлиевтің қазіргі жағдайы тұрақты. Бұл туралы ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев хабарлады.

Оның мәліметінше, 2007 жылы туған Ақжол Темірәлиев – оқиғадан кейін ауруханаға жатқызылған сарбаз. Бұған дейін әлеуметтік желіде оның денсаулық жағдайына қатысты әртүрлі ақпарат тараған.

Азамат Сәрсенбаев сарбаздың қазір өздігінен жүріп, тамақ ішіп, сөйлесе алатынын жазды.

«Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Енді жігітке қалпына келіп, өз-өзіне келу қажет», – деп жазды ол.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болды. Алғашқы мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 12 әскери қызметші қаза тапқан. Бүгін іздеу жұмыстары барысында тағы екі сарбаздың денесі табылып, қаза тапқандар саны 14-ке жетті. Үш әскери қызметші аман қалды. 

Сондай-ақ оқыңыз