Нұрсұлтан Назарбаев қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтты

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Нұрсұлтан Назарбаев қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтты
Нұрсұлтан Назарбаев қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтты / фото: nazarbayev.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысында оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан сарбаздардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды kursiv.media.

«Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады», – делінген хабарламада.

24 қыркүйекте Маңғыстаудағы әскери жаттығу кезінде 12 сарбаз қаза тапты. Бүгін елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Каспийде жүздеген құтқарушы, авиация және сүңгуірлер екі әскеридің денесін іздеуді жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз