Қаралы күнге байланысты хоккей матчтары кейінге шегерілді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстанда жарияланған қаралы күнге байланысты екі хоккей матчы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Kursiv.media. 

Бұл туралы ҚХЛ-дың ресми сайтында хабарланды.

Енді ҚХЛ аясындағы «Барыс» пен «Нефтехимик» арасындағы, сондай-ақ ЖХЛ-дағы «Снежные барсы» мен «Сибирские снайперы» арасындағы ойындар 26 қыркүйекте өтеді.

Бастапқыда ойын 25 қыркүйекте Астанада өтуі тиіс болған.

Матчтардың кейінге шегерілуіне Қазақстанда 25 қыркүйектің жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялануы себеп болды. Бұл Каспий теңізінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты қабылданған шешім.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, теңізге 17 әскери қызметші кеткен. Олардың үшеуі құтқарылды, ал 14 адам қаза тапты.

Сондай-ақ оқыңыз