
Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Жазғы Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль иеленді.
Отандық спортшылар шпагадан командалық бәсекеде сәтті өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Жартылай финалдағы бәсеке
Командалық шпага сайысының жартылай финалында қазақстандық семсерлесушілер Қытай құрамасымен кездесті. Тартысты өткен бәсекеде қарсылас команда 45:21 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарының командалық сайысын қола медальмен қорытындылады.
Бұған дейін, Ислам Сәтпаев пен ескек есушілер қола медаль алған еді.