Қазақстан мен Қытай Астанада жасанды интеллект мектебін ашады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Ақорда

Қазақстан мен Қытай Астанада жасанды интеллект мектебін ашады. Алматыда өтіп жатқан Қазақстан-Қытай инвестициялық форумында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты деп хабарлайды Kursiv Media.

Президент сөзінде цифрландыру мәселесіне ерекше мән берді. Айтуынша, биыл Қазақстан Дүниежүзілік жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымының құрылтайшылары қатарына кірді. Ал ол бастаманы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин көтерген. Енді Қазақстан ұйымдағы рөлін назарға ала отырып, бірлескен инженерлік және зерттеу орталықтарын құруға мүдделі. Жаңа білім беру орындарын да ашпақ,

«Бұл ретте жаңа формация мамандарын даярлауға ерекше көңіл бөлеміз. Елордада тұңғыш қазақ-қытай жасанды интеллект мектебін ашуға ниеттіміз», – деп атап өтті Тоқаев.

ЖИ мектебін құру туралы бастаманы президент 2025 жылы қыркүйектегі жолдауында айтқан. Сол кезде ол жасанды интеллект негізінде«Қазақ Digital» мектебі атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуді ұсынған еді. Ал биыл көктемде елдің 14 өңірінде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі желісін іске қосты.

Сондай-ақ оқыңыз