Қазақстанда Alatau Air Cargo атты ұлттық жүк тасымалдаушы компания іске қосылды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: © Pexels/Jonathan Borba

Қазақстанда ұлттық жүк тасымалдаушы компания жұмысын бастады. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан Қазақстан-Қытай инвестициялық форумында президент Тоқаев айтты деп хабарлайды Kursiv Media.

«Біз мультимодалды жүк тасымалдауға ерекше мән беріп отырмыз. Alatau Air Cargo атты ұлттық жүк тасымалдаушы компания жұмысын бастады. Қазақстан нарығына ірі жүк тасымалдаушы компаниялар кіріп жатыр. Оның ішінде KTI Pacific cargo бар», – деп атап өтті ол форумда сөйлеген сөзінде.

Жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру туралы бұған дейін Тоқаев бірнеше рет айтқан. Жыл басында ол әлі күнге дейін елде мемлекеттік компания құрылмағанын сынап, оны «кешірілмейтін қателік» деп бағалады. Мемлекет басшысының сынынан кейін «Қазақстан темір жолы» елде жүк тасымалдаушы әуе компаниясы құрылатынын хабарлады. Оған KTZ Air Cargo деген атау берілгенін, әзірге жүк флоты жасақталып жатқанын мәлімдеген.

Биыл наурызда кәсіпкер Қанат Көпбаев та жүк тасымалдаушы компания құрмақ екенін мәлімдеген. Бірақ ол мемлекет көмегінсіз, жеке болатынын айтқан. Ал қыркүйекте алғашқы ұшағын әкеліп, оны Абайдың атымен атады.

Сондай-ақ оқыңыз