Шавкат Мирзиёев пен Садыр Жапаров қайғыға ортақтасып көңіл айтты

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Шавкат Мирзиёев пен Садыр Жапаров қайғыға ортақтасып көңіл айтты
фото: shutterstock

Маңғыстауда болған қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары түсіп жатыр.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қаза болған жандардың туған-туыстарына, сондай-ақ Қазақстан халқына қайғыға ортақтасып көңіл айтты.

Мемлекет басшысы қиын сәтте жұбату сөзін жеткізген әріптестеріне ризашылық білдіріп, халықаралық қолдау мен тілеулестіктің айрықша маңызды екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болды. Алғашқы мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 12 әскери қызметші қаза тапқан. Бүгін іздеу жұмыстары барысында тағы екі сарбаздың денесі табылып, қаза тапқандар саны 14-ке жетті. Үш әскери қызметші аман қалды.

Сондай-ақ оқыңыз