Жұмабек Жанықұлов қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 50 млн теңге бөлді

Белгілі кәсіпкер, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Жұмабек Жанықұлов оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 50 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
Жұмабек Жанықұлов мүшесі қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен жақындарына көңіл айтты.
«Жеке өзімнің атымнан Халық Кеңесі мүшесі ретінде 50 млн теңге қаражат бөлуге дайын екенімді және ешқандай қаражат ешкімнің жанын қайта толтыра алмайтыны анық. Қаза болған Әскер Батырларымыздың әке-шеше, жақын туыстарына көңіл айтамын. Лайым мұндай қайғылы оқиғалар болмаса деп тілеймін!«, – деп жазды Жанықұлов.
24 қыркүйекте Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде 12 сарбаз қаза тапты. Бастапқыда тоғыз теңізші қайтыс болды, үшеуі құтқарылды деп хабарлаған. Тағы бір адам ауруханада жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.