Almaty Marathon кезінде ондаған автобус бағыты өзгереді

Жарияланды
Алматыда марафон күні қоғамдық көліктер қатынасы / фото: Kursiv Media

27 қыркүйекте өтетін Almaty Marathon-ға байланысты Алматыда бірқатар автобус бағыты уақытша өзгереді, ал кей троллейбустардың қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Kursiv Media қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Көлік қозғалысына шектеу 27 қыркүйек сағат 04:30-дан бастап енгізіліп, марафон аяқталғанға дейін сақталады.

Уақытша айналма бағытпен №2, 3, 4, 5, 5А, 5Б, 12, 18, 19, 21, 22, 25, 29, 29Р, 30, 31, 32, 34, 37, 38, 38А, 44, 45, 48, 55, 56, 57, 59, 62, 63, 63А, 65, 66, 70, 72, 77, 79, 80, 81, 85, 86, 87, 90, 92, 95, 98, 99, 101, 103, 104, 106, 107, 109, 112, 113, 116, 118, 119, 120, 120А, 121, 123, 124, 127, 128, 130, 132, 135, 137, 140, 141, 145, 205, 209, 210, 211, 218 және 224 автобустары жүреді.

Сонымен қатар марафон аяқталғанға дейін №1, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 19 және 25 троллейбустарының қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Жарыс аяқталып, жолдардағы шектеу алынғаннан кейін қоғамдық көлік қалыпты бағытына қайта оралады.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарына сапарын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Сондай-ақ оқыңыз