Путин Украинамен келіссөзді қайта бастау туралы ұсыныстар «үстелде» тұрғанын айтты

Жарияланды (жаңартылды )
Владимир Путин
Владимир Путин/ Фото: Shutterstock

Ресей президенті Владимир Путин Украинамен келіссөзді қайта бастау туралы ұсыныстар әлі де қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Алайда Мәскеу соңғы шабуылдардан кейін қандай жауап беретінін ойластырып, шешімді Ресейдің мүддесіне қарай қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды Kursiv Media Reuters-ке сілтеме жасап.

Путиннің сөзінше, Ресей 20 қыркүйекте аяқталған Мемлекеттік дума сайлауынан кейін Украинамен келіссөзді қайта бастауға дайын болған.

Алайда ол 19-нан 20 қыркүйекке қараған түні Мәскеуге жаппай дрон шабуылы жасалғанын және сайлау учаскелеріне де соққы берілгенін мәлімдеді.

«Келіссөзді қайта бастау жөніндегі ұсыныстардың бәрі үстелде тұр. Мұның бәрі мүмкін. Бірақ болған оқиғалардан кейін қандай жауап беруіміз керегін әлі де жақсылап ойланамыз», – деді Путин Санкт-Петербургте журналистерге.

Оның айтуынша, келіссөз процесін қайта бастауға қатысты кез келген шешім «Ресей Федерациясының мүдделеріне сүйене отырып» қабылданады.

Путин шабуыл кезінде Мәскеу бағытына 1,6 мыңнан астам дрон келгенін айтты. Бұған дейін Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресей аумағында 1,6 мыңнан астам дрон атып түсірілгенін, соның 450-і Мәскеуге бағытталғанын мәлімдеген. Reuters 20 қыркүйектегі шабуылдан Мәскеу облысында үш адамның қаза тапқанын және Мәскеу мұнай өңдеу зауытына зақым келгенін хабарлады. Украина бұл шабуылдарға қатысты сол кезде ресми түсініктеме бермеген.

Сондай-ақ оқыңыз