Тоқаев Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру үшін арнайы комиссия құрды
Жарияланды
(жаңартылды )

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізетін арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Комиссия Қорғаныс министрлігіндегі қазіргі жағдайды кешенді түрде тексереді. Комиссия төмендегідей құрамнан тұрады:
- Аида Балаева – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;
- Әлихан Смайылов – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;
- Ержан Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
- Жанат Элиманов – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
- Мұрат Баймұқашев – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы;
- Мәди Тәкиев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
- Жандос Өмірәлиев – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары;
- Әли Алтынбаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;
- Азамат Әмрин – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі бар.
Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілерді теңіз алып кетіп, 14 әскери қаза тапты. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, Үкіметтік комиссия құрылды. Қорғаныс министрлігінен бес лауазымды тұлға қамауға алынды.