28 қыркүйекте Қазақстанда күн күрт суытады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
заморозки, күн күрт суытады
фото: shutterstock

28 қыркүйекте Қазақстанның 16 облысында және Астанада дауылды ескерту жарияланды. Ал кей өңірде қатты жел, тұман түсіп, үсік болады деп хабарлайды Kursiv.Media Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жетісу облысы

Облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, күндіз 23-28 м/с дейін күшейеді. 28-30 қыркүйекте облыс аумағында, соның ішінде Талдықорғанда өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батысы мен солтүстігінде топырақ беті 2 градусқа дейін суытып, үсік жүреді. Күндіз оңтүстік-батыста желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман болып, топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігін тұман басады. Күндіз оңтүстікте желдің екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстікте түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Атырау облысы

Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, ал өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары болады. Атырау қаласында да өте жоғары өрт қаупі бар.

Астана

28 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Елорда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

Облыстың орталығы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз орталықта дауыл соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз орталықта жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыста өте жоғары, ал орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстікте түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысы, оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

Облыстың солтүстік-батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15–18 м/с жетеді. Батысы, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі бар.

Түркістан облысы

Батысында, солтүстігінде, сондай-ақ таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Облыс бойынша өте жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда да жел 15–20 м/с дейін күшейеді.

Шымкент

Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.

Абай облысы

Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Түнде батысы мен орталығында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысы, оңтүстігі мен шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы

Түнде және таңертең облыстың шығысы мен орталығында тұман түседі. Батысы мен оңтүстігінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Облыста жоғары өрт қаупі, солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда түнде және таңертең тұман болып, топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Ұлытау облысы

Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Өте жоғары өрт қаупі сақталады, соның ішінде Жезқазғанда да өрт қауіпті.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні түнде оңтүстікте, ал күндіз солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с болады. Түнде батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстік-батысы, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, батысы, солтүстігі мен орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Түнде солтүстігі мен шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстігі, оңтүстігі мен батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстігі мен оңтүстігінде жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Түнде солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарда 3 градусқа дейін үсік жүреді. Шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, батысы, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде түнде және таңертең тұман түсіп, түнде 1–3 градус үсік жүреді.

Жамбыл облысы

Түнде солтүстік-батысы мен таулы аудандарда, күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығысы мен таулы аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Облыс бойынша, соның ішінде Таразда өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз: Күздің жылы күндері аяқталуға жақын: қазан айында ауа райы қандай болады

Сондай-ақ оқыңыз