Алматыда 2040 жылға дейін көлік пайдалану деңгейін 20%-ға төмендету жоспарланған

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Алматы қаласының жолдары
фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 2030 жылға қарай қоғамдық көлікпен қатынау санын 64%-ға арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы «Алматыбасжоспар» ғылыми зерттеу институты басшысы Асхат Сәдуов айтты. 

Сөзінше, 2030 жылға қарай Алматыда қоғамдық көлікпен тәулігіне қатынау санын 2,3 млн-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Яғни, жеке автокөлікті пайдалану қажеттілігі азайып, жолға кететін уақыт қысқарады.

«2040 жылға қарай Бас жоспарда жеке автокөлікті пайдалану деңгейін бастапқы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 20%-ға төмендету қарастырылған. Сонымен қатар қоғамдық көлік желілерінің жалпы ұзындығын қазіргі 981 шақырымнан 2030 жылға қарай 1 040 шақырымға, ал 2040 жылға қарай 1 214 шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отыр», – деді Асхат Сәдуов.

Халық санының болжамы нақтыланған сайын жолаушылар тасымалына деген қажеттілік те қайта есептеледі.

Алматыда LRT-ның бірінші кезеңі 2027 жылдың желтоқсанында аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыз