
Бір аптада ең көп қымбаттаған акция — ҚазТрансОйл (KZTO) акциясы. Оның жабылу бағасы 1 255 теңгеден 1 265 теңгеге көтеріліп, 0,80% өсті. Одан кейін ҚазМұнайГаз (KMGZ) — +0,31%, Кегок (KEGC) — +0,19%, Air Astana (AIRA) — +0,15% болды.
Банк ЦентрКредит акциясының бағасы іс жүзінде өзгерген жоқ: 4 780,03 теңгеден 4 780 теңгеге түсті. Қазақтелеком бағалы қағазы (KZTK) бір аптада 0,20%, Kcell (KCEL) 0,42% арзандады.
Halyk Bank (HSBK) акциясы 376,58 теңгеден 371,70 теңгеге дейін төмендеп, 1,30% жоғалтты. Қазатомөнеркәсіп акциясының (KZAP) жабылу бағасы 31 194,99 теңгеден 30 688,88 теңгеге түсіп, апталық төмендеу 1,62% болды.
Апта ішінде ең әлсіз нәтиже Kaspi.kz (KSPI) акциясында тіркелді. Дүйсенбі, 21 қыркүйекте 44 800 теңге болған құнды қағаз жұмада 42 300,03 теңгеге дейін арзандады. Яғни бір аптада 5,58%-ға төмендеді.
Жалпы алғанда, KASE индексіндегі 10 акцияның төртеуі қымбаттап, алтауы арзандады. Индекстің өзіндегі 1,11% төмендеуге әсіресе салмағы жоғары Kaspi.kz акциясының айтарлықтай арзандауы әсер етті. 25 қыркүйектегі KASE дерегі бойынша KSPI-дің индекстегі салмағы 13,20% болған.