Бірінші минутта нокаутқа түсірді: Төрехан Сабырхан жартылай финалға шықты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: Olympic.kz

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Aichi-Nagoya 2026 Азия ойындарындағы жорығын жалғастырып, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

28 қыркүйекте өткен ширек финалда Төрехан Ирак өкілімен кездесті. Қазақстандық боксшы қарсыласынан айқын басым түсіп, жекпе-жекті бірінші раундта-ақ мерзімінен бұрын аяқтады.

Осы жеңістің арқасында Сабырхан Азия ойындарының жартылай финалына шығып, кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Енді қазақстандық боксшы финал жолдамасы үшін Өзбекстан өкілі Шавкатжон Болтаевпен күш сынасады. Жартылай финалдық жекпе-жек 30 қыркүйекке жоспарланған.

Бұған дейін, әйелдер арасында Алуа Балқыбекова да жартылай финалған шыққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз