Елде бір тәулікте үшінші рет жер сілкінді
Жарияланды

Алматы облысында сағат 13:53-те жер сілкінді. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы дерегінде көрсетілген.
«28 қыркүйекте сағат 13:53-те Алматы облысы Нарынқол ауылынан 25 шақырым солтүстік-батысқа қарай жер сілкінісі болды», – делінген ақпаратта.
Жер сілкінісінің магнитудасы — 4,2.
Бұл дерек Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) сайтында да көрсетілген.
Бұған дейін Алматыда 09:38 кезінде жер сілкінісі сезілді. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Алматы қаласында 3-4 балдық жер сілкінісі болды.
Қарасай ауданында 2-3 балл, Боралдай ауылында 2-3 балл, Өтеген батырда 2 балл тіркелген.
Оған дейін таңғы 6:32-де Қазақстан аумағында сейсмикалық оқиға тіркелген.