Көкшетауда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп түскен

Көкшетауда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп түскен деп хабарлайды Kursiv Media «Найза Көкше» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға сенбі күні Әуезов көшесінде болған. Бұл факт Көкшетау қаласының полиция басқармасында тіркелді.
Полиция мәліметінше, Volkswagen көлігінің ішінде жүргізуші мен қыздың арасында жанжал туындаған.
«Алдын ала анықталғандай, көлік қозғалысы кезінде Volkswagen маркалы автокөліктің жүргізушісі мен қыздың арасында сөзге келіспеушілік болған. Жанжал кезінде қыз көліктен жүріп келе жатып түсіп қалған. Соның салдарынан дене жарақатын алған», – деп хабарлады полиция.
Бойжеткен жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз: Рудныйда мас жүргізуші бағанаға соғылып, 20 тәулікке қамалды