LRT-ның ең көп жолаушы мінетін үш стансасы анықталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: kursiv.media, Серікжан Қобыланбаев

Астананың жеңіл рельсті көлік жүйесі Tarlan Astana іске қосылғалы бері онымен жүрген жолаушылар саны 10 млн-нан асты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, қыркүйек айында LRT-ға тәулігіне орта есеппен 80 мыңға жуық адам мінген.

Ең көп жолаушы мінетін стансалар

Жолаушылар ең көп мінетін үш станса:

  • «Университет» – 1 463 953 жолаушы;
  • «Бәйтерек» – 1 208 610 жолаушы;
  • «Нұрлы жол» – 1 060 068 жолаушы.
Фото: kursiv.media, Серікжан Қобыланбаев

Жолақыны қалай төлеуге болады

Tarlan Astana-да жол ақысын төлеудің бірнеше тәсілі бар. Жолаушылар көлік картасын, банк картасын және басқа да байланыссыз төлем әдістерін пайдалана алады.

Айта кетейік, «Tarlan Astana» жеңіл рельсті көлік жүйесінің табысы 500 миллион теңгеден асты. Мәселен, маусым айында жолаушылар LRT қызметін 2,1 миллион рет пайдаланған. 

Сондай-ақ оқыңыз