Президент Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Kursiv.Media Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы спортшыға мемлекеттік награданы спорттағы ерен жетістіктері, сондай-ақ Қазақстанда теннистің дамуы мен насихатталуына қосқан үлкен үлесі үшін табыстады.

Бұған дейін президент Елена Рыбакинамен кездесіп, оны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен және әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады.

Тоқаев теннисшінің халықаралық аренадағы жетістіктері отандық спорттың дамуына ықпал етіп, жас қазақстандықтардың тенниске қызығушылығын арттырып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз