Қазақстандық жаттықтырушы Үндістанда қыз зорлады деген күдікке ілікті

Қазақстандық велоспорт жаттықтырушысы Үндістанда қыз зорлады деген күдікке ілікті, деп жазады Kursiv.Media.
Kriminal kazakhstan ақпаратына қарағанда, Үндістанның Пенджаб штатында 18 қыркүйекте полиция 34 жастағы қазақстандық велоспорт жаттықтырушысы Мақсат Аязбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Оған Патиала қаласындағы Ұлттық спорт шеберлігі орталығында оқу-жаттығу жиыны кезінде кәмелетке толмаған спортшы қызды зорлады деген күдік келтіріліп отыр. Полицияның мәліметінше, болжамды оқиға 13 қыркүйекте болған.
Жаттықтырушыны іздеу үшін арнайы топтар құрылды. Полиция қызметкерлері Дели қаласы мен оған жақын аудандарда рейдтер жүргізгені хабарланды.
Аязбаев Үндістанның велоспорт құрамасымен бірге Азия ойындарына қатысу үшін Жапонияға баруы тиіс болған. Алайда қылмыстық іс қозғалғаннан кейін оның сапарына берілген рұқсаттың күші жойылды. Үндістанның велоспорт федерациясы да оның қызметінен шеттетілгенін және іс ішкі тексеруге жіберілгенін хабарлады.
Кәмелетке толмаған спортшы медициналық тексеруден өткен. Оған психологиялық және заңгерлік көмек те көрсетілген. Тергеу жалғасып жатыр.
Максат Аязбаев — кәсіби велошабандоз. Бұған дейін ол «Astana Pro Team» командасында өнер көрсетіп, бірнеше халықаралық жарыста жеңімпаз атанған. 2025 жылдан бастап Аязбаев Үндістанның велоспорттан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарып келген еді.
Айта кететін жайт, Батыс Қазақстан облысында 57 жастағы бұрынғы әкімдік қызметкері 16 жастағы жасөспірімге зорлық жасады деген күдікпен қамауға алынды.