Қорғаныс министрлігі жоғалған матростарға қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock

Қорғаныс министрлігі 24 қыркүйекте Ақтаудағы оқу-жаттығу кезінде жоғалып кетті деген матростарға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kursiv Media.

Ведомство А.Ахметов және Ә. Мағауия есімді сарбаздардың жоғалып кеткенін жоққа шығарды.

«Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, тиісті оқу міндеттерін орындады. Мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болды», – деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Қазір екі әскери қызметші әскери бөлімнің орналасқан жерінде және күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде кей оқырмандар тізімде болған екі матрос туралы еш ақпар айтылмағанын жазған еді.

фото: Threads желісінен
фото: Threads желісінен

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстауда қайғылы жағдай болды. Бастапқыда оқу-жаттығу кезінде 19 қазақстандық әскери қызметшіні Каспий теңізінің ағысы алып кеткенін, оның тоғызы қайтыс болғанын хабарлаған еді.

Сол күні кешке 12 сарбаз қайтыс болғанын жариялады, бірақ ол кезде ағыс алып кеткен 19 емес 17 адам деп жазды.

Сондай-ақ оқыңыз