Сербия президенті Александр Вучич өз еркімен қызметінен кетті

27 қыркүйекте Сербия президенті Александр Вучич қызметінен кетті. Бұл туралы Kursiv.Media хабарлайды.
Вучич Белградтағы президент сарайының алдында халыққа үндеу жасап, өз жұмысында «көптеген қателіктер жібергенін» мойындады. Сондай-ақ өзіне екі рет сенім білдіріп, ел тізгінін сеніп тапсырған азаматтарға алғысын білдірді.
Енді елді жаңа сайлау өткенше Сербия парламентінің төрағасы Ана Брнабич уақытша басқарады. Президенттік сайлаудың алғашқы туры желтоқсан айының соңына дейін өтуге тиіс.
Вучич мұндай шешімге не себепті келгенін де түсіндірді. Оның айтуынша, заң бойынша сайлау кампаниясы басталғанша қызметтен кету міндетті болмаса да, бұл қадамды өзі әділ деп тапқан. Президент өзін «тиран» деп айыптаған саяси қарсыластарының ешқашан ашық диалогқа келгісі келмегенін, тек өз пікірін тықпалағанын айтты.
Александр Вучич қызметін АҚШ-қа сапарынан кейін доғаратынын 11 қыркүйекте-ақ хабарлаған болатын.