95 млн теңге тапқан: TikTok-та заңсыз ойын ұйымдастырғандар сотталып кетті

Жарияланды
Минцифры обещало тиктокерам монетизацию, но TikTok не в курсе
Фото: TikTok-та заңсыз 95 млн теңге тапқандар сотталды/ Фото: kursiv.media

TikTok-та заңсыз карта ойындарын ұйымдастырып 95 млн теңге заңсыз табыс тапқан төрт адам сотталды. Олардың заңсыз қызметі Жетісу облысының прокуратурасының үйлестіруімен тоқтатылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Тергеу барысында облыстың төрт тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирлер арқылы заңсыз карта ойындарын ұйымдастырғаны анықталған.

Олардың бірі құқық бұзушылық жасалған кезде кәмелетке толмаған. Прокуратура мәліметінше, заңсыз ойындарды ұйымдастыру нәтижесінде олар 95 млн теңге пайда көрген.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Сот төрт адамды кінәлі деп танып, мүлкін тәркілей отырып, төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Алайда сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ал Қызылорда облысында бухгалтер заңсыз 21 млн теңге жалақы алды деген күдікке ілінген. 

Сондай-ақ оқыңыз