Алматы мен Лангкави арасында тікелей рейс ашылады

2026 жылдың 25 желтоқсанынан бастап Алматы мен Малайзияның Лангкави аралы арасында тікелей әуе қатынасын іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Алматы – Лангкави бағыты бойынша рейстерді Air Astana әуе компаниясы орындайды. Ұшу рейстері күзгі-қысқы кезеңде аптасына үш рет орындалады.
Бұл бағытта жолаушыларды Airbus A321neo әуе кемелері тасымалдайды.
Жаңа бағыттың іске қосылуы Қазақстанның халықаралық бағдарлар желісін кеңейтіп, Малайзиямен туристік байланыстарды дамытуға ықпал етеді.
Қазақстандықтарға виза қажет емес
Қазақстан азаматтары үшін Малайзияға 30 күнге дейін визасыз кіру режимі жұмыс істеп тұр. Лангкави Малайзиядағы ең танымал курорттардың бірі саналады.
Архипелаг өзінің жағажайларымен, мангр ормандарымен және тауларымен танымал, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның ғаламдық геопаркі мәртебесіне ие.
Бұған дейін Kursiv Media Алматы мен Чунцин арасында тікелей әуе қатынасын іске қосылғанын жазған еді.