Аза тұту күніндегі видеосы үшін петропавлдық әйел он күнге қамалды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Келіні енесінің сөзі ауыр тиген соң, шыдамы таусылып, сотқа шақымданып, шара қолдануды талап еткен / Kursiv мұрағаты
Әйел он күнге қамалды/фото: shutterstock

Петропавлда блогер аза тұту күніндегі әрекеті үшін 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.

Видеода 42 жастағы Ирина Антоненко «Менің өмірім тоқтап қалуы керек пе? Қаза тапқан екен, мен аза тұтуым керек пе?» деген.

Осы факті бойынша полиция тексеру жүргізіп, тиісті материалдарды жинақтап, сотқа жолдады. Нәтижесінде 29 қыркүйекте сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулік әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында 14 әскеридің қазасынан кейін 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Әскерилердің қазасы

24 қыркүйекте Каспий теңізінде Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болды. Каспийде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген кезде 17 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Оқиға салдарынан 14 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылды.

Содан кейін қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен кетті. Оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз