Францияда мемлекеттік қызметкерлер жалақыны көтеруді талап етіп ереуілге шықты

Францияда мемлекеттік сектор қызметкерлері елдің 2027 жылғы бюджетінде жалақыны көтеруді талап етіп, жаппай ереуіл бастады, деп хабарлайды Kursiv Media.
Ереуілге бірнеше кәсіподақ бірлестігі қатысып, ел бойынша 170-тен астам наразылық шарасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Кәсіподақтар үкіметке бюджет жобасын талқылау қарсаңында өз талаптарын жеткізуді көздейді.
France24 хабарлағандай, акцияға өрт сөндірушілер де қосылған.
Парижде 5–10 мыңға жуық өрт сөндірушінің жеке шеруге шығып, кейін мемлекеттік қызметкерлердің жалпы акциясына қосылуы жоспарланып отыр. Париждегі негізгі шеруге өрт сөндірушілерді есептемегенде 20–40 мың адамға дейін қатысуы мүмкін.
Сонымен қатар Францияның бірнеше өңірінде мұғалімдердің ереуілі жалғасып жатыр.Кәсіподақтар бұл акция арқылы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін 2027 жылғы бюджетке енгізуге шақырып жатыр.
Тағы да оқыңыз: Франция балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына жаңа шектеу енгізбек