Каспийде қатты жел қайықтағы үш адамды ашық теңізге алып кетті

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Маңғыстау облысында қатты жел Каспийде жүзіп жүрген қайықтағы үш адамды ашық теңізге алып кеткен, деп хабарлайды Kursiv.media.     

112 ақпаратына қарағанда, құтқарушылар көмекке келіп, жағадан алыстап кеткен үш адамды тапқан.

«Өткен түнде Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауында қатты желдің салдарынан үш адам отырған үрлемелі қайық ашық теңізге ағып кеткен. Оларды іздеуге ТЖМ күштері дереу шықты. Құтқарушылар жоғалған адамдарды тауып, жағалауға жеткізді», – делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар жел күшейген кезде суға шықпауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып отыр.

Айта кететін жайт, Каспий теңізіне батып кеткен 14 сарбаздың қазасына байланысты Ақтауда мерекелік шаралар тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыз