Маңғыстаудағы төтенше жағдай туралы жалған ақпарат таратқан 4 адамға айыппұл салынды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Маңғыстаудағы төтенше жағдай туралы жалған ақпарат таратқан 4 адамға айыппұл салынды / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстанның төрт тұрғыны Маңғыстау облысындағы төтенше жағдайға қатысты әлеуметтік желіде расталмаған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Полиция ақпаратына сүйенсек, екі әйел Facebook желісінде әскери қызметші А.А. туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет жариялаған. Олар әскери қызметші жағалауға өз бетімен шығып, суға батқан жолдасын құтқарғанын және оқиғаның мән-жайы әдейі жасырылып отырғанын жазған.

Тексеру барысында әйелдердің бірі ақпаратты туыстарынан алғанын, екіншісі әлеуметтік желіден көріп, оның дұрыстығын тексерместен жариялағанын айтқан. Қорғаныс министрлігі бұл мәліметтерді жоққа шығарды.

Сонымен қатар, полиция Шымкент тұрғыны С.К. мен Көкшетау тұрғыны К.О.-ның әлеуметтік желіде Маңғыстауда тағы екі әскери қызметшінің қаза болғаны туралы жалған ақпарат таратқанын анықтаған.

Сот төрт азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартып, әрқайсысына 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Айта кетейік, Маңғыстаудағы әскерилердің қайтыс болуына байланысты Аза тұту күнінде видеосы таратқан 42 жастағы Петропавл тұрғыны Ирина Антоненко 10 күнге қамауға алынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз