Маңғыстауға алғашқы қоқиқаздар келді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: pixabay.com

Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне күзгі көші-қон кезінде алғашқы қоқиқаздар келді, деп хабарлайды Kursiv.Media. Сирек кездесетін құстар жыл сайын Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықшасына аялдайды.

Ересек қоқиқаздарды қызғылт түсінен, ұзын аяқтары мен иілген тұмсығынан оңай тануға болады. Олар Қазақстанның Қызыл кітабына енген және ерекше қорғауға алынған құстардың қатарына жатады.

Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықшасы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында орналасқан. Оның аумағы 137,5 мың гектарды құрайды. Қаракөл көлі су маңын мекендейтін құстар үшін маңызды мекен әрі көші-қон кезінде аялдайтын орын саналады.

Қоқиқаздар бұл жерге жылына екі рет, көктемде және күзде келеді. Күзгі көші-қон кезінде құстар бұдан әрі қыстау үшін жылы өңірлерге, соның ішінде Иранға қарай ұшады.

Оқи отырыңыз: Әйгілі қоқиқаздардың мекенін сақтау үшін Қорғалжын көлдеріне су жіберілді

Сондай-ақ оқыңыз