Оқушылар телефонды мектепте қандай жағдайда пайдалана алады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Школы Казахстана не запрещают смартфоны полностью из-за страха перед кражами
Министрлік мектепте телефон қолдануға қатысты бұйрық шығарды/фото: shutterstock

Мектеп оқушыларының мобильді телефонды пайдалану қағидалары бекітілді. Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, оқушыға мұғалім рұқсат берген жағдайда ғана смартфон қолдануға болады, деп хабарлайды Kursiv.Media. 

Рұқсат етілетін жағдайлар:

  • сабаққа қажет кезде мұғалім нұсқау бергенде;
  • оқушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда;
  • оқушының денсаулығына байланысты телефон қолдану қажет болғанда.

Сондай-ақ сабақ басталған кезде оқушы ұялы телефонын дыбыссыз режимге қоюы керек не толық сөндіруге тиіс.

Ал сабақ барысында мұғалім тапсырмасы бойынша телефон қолданған кезде педагог қандай тапсырма үшін телефон қажет екенін айтып, қалай және қанша уақыт қолдану керек екенін түсіндіреді.

Сабақта фото-видео түсіруге келсек, оқушы мұғалім рұқсат берсе ғана телефон камерасын қолдана алады. Оқушы басқа адамның жеке өмірі мен бет-бейнесіне қатысты құқықтары барын ескеруге тиіс.

Бұйрық ресми жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова үзіліс кезінде телефон пайдалануға қатысты шешімді мектептердің өзі қабылдайтынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз