Қазақстандағы жалғыз ашытқы зауыты жабылып, құрал-жабдықтарын сатып жатыр

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Зауыт жабдықтаны сатып жатыр / Фото: yandex.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстандағы жалғыз ашытқы зауыты жабылып, құрал-жабдықтарын сатып жатыр. Алматы қаласында орналасқан кәсіпорынның жұмысын ерікті түрде тоқтату туралы шешімі 21 қыркүйекте шыққан. Кезінде бұл зауыт елдегі бүкіл наубайхананы ашытқымен қамтамасыз етіп отырған. Алайда кейінгі жылдары ішкі нарықты сырттан келген тауарлар жаулап алып, өніміне сұраныс күрт төмендеген.

Енді тарату комиссиясының шешіміне сәйкес, кәсіпорынның құрал-жабдықтары сатылып жатыр. Бұл туралы қаржы есептілгі депозитарийіндегі хабарламада жазылған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

 «Алматы ашытқы зауыты» жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын құрал-жабдығын сатуға шешім қабылдаған.

Оны Ресейде орналасқан «САФ-НЕВА» компаниясы сатып алмақ. Ал бұл компания әлемдік ашытқы нарығындағы көшбасшыларының бірі – француздық Lesaffre тобының құрамына кіреді.

Ресейлік компания сатып алатын құрал-жабдық құны ашытқы зауыты активтерінің 24 пайызынан асады.

60 жылдық тарихы бар зауыт бұған дейін 3,3 млрд теңгеге жер учаскесі мен жылжымайтын мүлкін сатылымға шығарғаны белгілі.

2025 жылғы қаржылық есебінде зауыттың акционерлері жеке тұлғалар екені жазылған. Ашық дерекөздегі ақпараттарға сәйкес, құрытайшыларының саны 150 адамнан асады.

Сондай-ақ оқыңыз