Қызылорда облысында бухгалтер заңсыз 21 млн теңге жалақы алды деген күдікке ілінді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
В Казахстане стартует акция «Народный бухгалтер
Тергеу жүріп жатыр/ Фото: Shutterstock

Қызылорда облысында балабақша бухгалтері 21,5 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бас прокуратураның хабарлауынша, бұл жағдай Қазалы ауданында болған. Бухгалтер өзіне жоғары жалақы төлеу арқылы қомақты қаражат жымқырған болуы мүмкін, деп жазады Kursiv.Media.

Прокуратура дерегінше, бухгалтер төрт жыл бойы заңсыз әрекетпен айналысқан. 

Осы факті бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен көзделген, яғни аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында «Алтай ауданының архитектура, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ бухгалтері бір жыл бойы екі бюджеттік бағыт бойынша банктік шотына ақшаны заңсыз аударып отырғаны анықталды. Жымқырылған қаражаттың жалпы сомасы 10 млн теңге. Сот үкімімен бухгалтер екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыз