Тоқаев Германияда транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мүмкіндігін талқылады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жасаған сапары барысында Rhenus Group басқарма төрағасын Тобиас Бартцпен көлік-логистика салаларындағы стратегиялық серіктестікті дамыту жайын талқылады, деп хабарлайды Kursiv.Media.     

Ақорданың ақпаратынша, қозғалған мәселелердің ішінде бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру да бар.

Қазақстан президенті компанияның Қазақстандағы көлік байланысын нығайтуға ұзақ жылдан бері үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар еліміз құрлықтың негізгі логистикалық хабына айналуды мақсат етіп отырғанын айтты.

«Кездесуде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи үлгідегі порттары, терминалдары, теміржолдары мен цифрлық сервистері бар бәсекеге қабілетті логистикалық бағытты бірлесе қалыптастыруға шақырды», – делінген ақпаратта.  

Сондай-ақ Rhenus Group компаниялар тобының Ақтау портындағы мультимодальды хаб құрылысына қатысуын құптаған. Тобиас Бартц Қазақстанның негізгі көлік-логистика торабы ретінде әлеуеті зор екеніне тоқталып, компания бірлескен жобаларға атсалысуға ниетті екенін жеткізді. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарын кеңейтуге әзірлігін растады.

Мұның алдында Тоқаев қазақ-неміс инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз