Тоқаевты Германияда ресми қарсы алу рәсімі өтті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Тоқаевты Германияда ресми қарсы алу рәсімі өтті / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары аясында Берлинде оны қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Мемлекет басшысын Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігінде Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер қарсы алды. Екі ел басшысы делегация мүшелерін таныстырды.

Фото: Ақорда

Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін Қазақстан мен Германияның мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер келіссөз өткізу үшін Германия Федералдық президентінің резиденциясына барды. Қазақстан президенті резиденциядағы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Германияда транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мүмкіндігін талқылаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз