Ұлттық электр операторы 22,4 млрд теңге дивиденд төлемек

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Ұлттық электр операторы дивиденд төлейді / Фото: shutterstock

KEGOC ұлттық электр компаниясы 2026 жылдың жарты жылдығы үшін дивиденд төлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Kursiv.Media компания хабарламасына сүйене отырып хабарлайды.

Бір жай акцияға 81,25 теңгеден беріледі. Жалпы төлем сомасы 22,367 миллиард теңгені құрамақ. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен сәл жоғары. Өткен жылы 22,27 миллиард теңге немесе бір акцияға 80,90 теңге төленген еді.

Дивиденд төлеу шешімі 8 қазанда өтетін жиналыста бекітіледі. Төлем алатын акционерлер тізімі 14 қазанда анықталады. Ақшаны төлеу 1 қарашада басталады.

Компанияның қаңтар-маусым айларындағы таза пайдасы 54,6 миллиард теңгеге жетті. Дивидендке осы пайданың 40,9%-ы бөлінеді. Қалған 32,256 миллиард теңге компанияның дамуына жұмсалады.

KEGOC акциялары инвесторлар үшін өте тартымды. Тарифтер өскендіктен компанияның табысы да артып келеді.

Алайда 14 тамызда Тоқтағұл ГЭС-індегі гидрогенераторлардың өшуі салдарынан орын алған блэкаут компания акцияларына кері әсер етті. Апат кезінде «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» транзитіне шамадан тыс күш түсіп, Оңтүстік аймақ біртұтас жүйеден бөлініп кетіп, Алматы қаласы мен облыстағы бірқатар аудан жарықсыз қалды, Алайда Қырғызстан апатқа қатысты жауапкершілікті тек өздеріне жүктеуге қарсы. 

Дегенмен алдағы уақытта тарифтер тағы да өсуі ықтимал. Бұл KEGOC-тың қаржылық жағдайын жақсартады. Freedom Broker сарапшылары акция бағасы 61%-ға өседі деп болжайды.

Компания акцияларының 85%-ы «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі. 2014 жылы «Халықтық IPO» арқылы акциялардың 10%-ы сатылған.

Сондай-ақ оқыңыз