Әбиба Әбужақынова қарсыласын 25 секундта жеңді (видео)

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: видеодан скрин

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Аичи–Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындарын сенімді бастады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Әбужақынова ширек финалда Үндістан өкілі Асмита Деймен кездесті. Қазақстандық спортшыға жеңіске жету үшін небәрі 25 секунд жеткілікті болды.

Әбиба қарсыласын иппонға түсіріп, белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша ол Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды.

Айта кетейік, иппон – дзюдодағы ең жоғары баға. Спортшы иппон алған сәтте белдесу бірден тоқтатылып, жеңіс соған беріледі.

Бұған дейін, Елдос Сметов та алғашқы белдесуінде иппонмен жеңіске жетті.

Сондай-ақ оқыңыз